Спорт • 18 Ақпан, 2020

Дзюдо: Еуропа кубогы аяқталды

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аустрияның Оберварт қаласында дзюдошылар арасындағы Еуропаның ашық кубогы өз мәресіне жетті.

Дзюдо: Еуропа кубогы аяқталды

Ерлер арасында өткен жарыста Жапония құрамасы үш алтын медальді олжалап, командалық есепте топ жарды. Күн шығыс елі өкілдері арасынан Киога Хошо (60 кило), Коки Ушимиро (66 кило) және Такуто Кимотоның (+100 кило) асығы алшысынан түсті. Татами қожайындары екі мәрте теңдессіз деп танылды.

Бұл жүлделердің иегерлері – Вашид Боршашвили (81 кило) мен Марк Бабанжа (90 кило). Сондай-ақ, румыниялық Александру Райку (73 кило) мен бразилиялық Леонардо Гонгалвес (100 кило) сынды балуандар да өз салмақ дәрежелеріндегі белдесулерде дара шықты. 

Қазақстан құрама командасы Аустрия сапарынан қос қола медальмен оралды. Бұл жүлделердің иегерлері – Қанат Сейілхан (60 кило) мен Серік Сәлменов (100 кило).