Қоғам • 18 Ақпан, 2020

Елордадан қыс басталғалы 4 миллион текше метрден астам қар шығарылды

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 364 техника бірлігі мен 1 457 жол жұмысшысы тартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елордадан қыс басталғалы 4 миллион текше метрден астам қар шығарылды

17 ақпаннан 18-не қараған түні қар тазалау жұмыстарына 1 179 техника бірлігі мен 138 жол жұмысшысы жұмылдырылып, 38 576  текше  метр қар шығарылды (3 215 рейс).

Айта кетсек, жалпы осы уақытқа дейін барлығы  318 959 рейс жасалып, 4 032 018 текше метр қар полигондарға төгілді.