Спорт • 18 Ақпан, 2020

Дюссельдорфта белдесетін дзюдошылар анықталды

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21-23 ақпан аралығында Германияның Дюссельдорф қаласында өтетін Grand Slam турнирінде Қазақстанның дзюдошылары қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.

Дюссельдорфта белдесетін дзюдошылар анықталды

Бұл жолы еліміздің ерлер құрамасының бас бапкері Айдын Смағұлов  бірқатар белді балуанды айтулы жарысқа апармай, олардың біраз тынығып алуына мүмкіндік берген екен.

Ал неміс жерінде Дәурен Сүйеукенов пен Мағжан Шәмшадин (60 кило), Ерлан Серікжанов (66 кило), Мадияр Сембаев пен Аңсарбек Ғайнуллин (73 кило), Аслан Сағитбек пен Руслан Мұсаев (81 кило), Ерсұлтан Мұзаппаров пен Ислам Бозбаев (90 кило) және Виктор Демьяненко мен Айбек Серікбаев (100 кило) сынды сайыпқырандар өнер көрсетеді.

Әйелдер арасындағы сайыста Отгонцэцэг Галбадрах (48 кило), Анна Казюлина (52 кило), Иоланта Бердібекова (63 кило), Мөлдір Нарынова (70 кило), Зарина Сарипова (78 кило) және Камила Берліқаш (+78 кг) бақ сынайды.