Спорт • 18 Ақпан, 2020

Велоспорт: «Астана Про Тим» Португалияда сайысқа түседі

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-23 ақпан аралығында Португалия елінің аумағында «Волта Алгарве» деп аталатын халықаралық турнир өтеді.

Велоспорт: «Астана Про Тим» Португалияда сайысқа түседі

Айтулы жарыста Қазақстанда іргетасы қаланған «Астана Про Тим» клубы да өнер көрсетеді. Пиреней түбегіндегі турнирде біздің команда сапында Жандос Бижігітов, Луис Леон Санчес, Мигель Анхель Лопес, Харольд Техада, Родриго Контрерас, Давиде Мартинелли және Юрий Натаров сынды сайыпқырандар өнер көрсетеді. 

Тарихқа жүінсек, «Волта Алгарве» турнирінің тұсауы сонау 1960 жылы кесілген екен. Бұл көпкүндікте көбіне-көп жеңімпаз атанғандар жергілікті велошабандоздар. Португалияның өкілдері 24 рет топ жарды. Испания спортшылары үш мәрте теңдессіз деп танылса, Бразилия, Польша, Словения, Италия, Германия және Ұлыбританияның өкілдері екі реттен дара шықты. Сонымен қатар, бас жүлдені олжалағандар қатарында Чехия, Швейцария, Дания, АҚШ, Бельгия және Аустралияның да өрендері бар.