Спорт • 18 Ақпан, 2020

Теннис: Александр Бублик Марсельдегі жарысты жеңіспен бастады

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның Марсель қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирді жеңіспен бастаған қазақстандық теннисші Александр Бублик 1/8 финалға жолдама алды.

Теннис: Александр Бублик Марсельдегі жарысты жеңіспен бастады

Тұсаукесер кездесуде жерлесіміз Мартон Фучовичпен кездесті. Бұл күндері АТР рейтингінде 73 орында тұрған Мажарстанның өкілі 2018 және 2020 жылдары Аустралияның ашық біріншілігінің төртінші кезеңіне дейін жетті. «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдегі оның ең үздік нәтижесі осы. 1 сағат 26 минутқа созылған бұл бәсекеде Бублик 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Келесі кезеңде отандасымыз Бенуа Пэрмен шеберлік байқасады. Қазіргі кезде әлемнің 20 ракеткасы атанып отырған Франция теннисшісі Ролан Гаррос, Уимблдон және АҚШ-тың ашық біріншілігінде төртінші кезеңге дейін жеткен.