Спорт • 18 Ақпан, 2020

Ауыр атлетика: Жүлделер саны 12-ге жетті

482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыр атлетикадан Ташкентте өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы өз табысын еселеуде.

Ауыр атлетика: Жүлделер саны 12-ге жетті

Бүгін біз 81 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Есенкелді Сәпидің күміс және 89 кило салмақта күш сынасқан Нұрғиса Әділетұлының алтын медальді иеленгені жайында жазған едік. Жарыстың кешкі бағдарламасында қоржынымыз тағы бір бас жүлдемен толықты.

96 кило салмақта бақ сынаған зілтеміршілердің бәсекесі Артем Антроповтың айқын жеңісімен аяқталды. Өзінің барлық алты мүмкіндігін ұтымды пайдаланған отандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 365 (155+210), кило салмақта еңсеріп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол күміс медальді иеленген Иран атлеті Хаджавант Афшин Тахериден 16 кило артық көтерді. Үшінші орында – сириялық Альгафер Эзеддин.

Сөйтіп, Қазақстанның ауыр атлеттерінің жеңіп алған үлделер саны 12-ге жетті. Соның жетеуі алтын медаль. Санаулы уақыттан кейін тағы бір жерлесіміз – Рақат Бекболат жарыс жолына шығады. Ол 102 кило салмақ дәрежесі бойынша сайысқа түседі.