Қазақстан құрамасы бұл жарысты жақсы бастады. Әсіресе, 77 кило салмақта күш сынасқан Тамерлан Шадукаевтың өнеріне айрықша риза болдық. Бастапқы бәсекелердің барлығында күмәнсіз жеңіске жеткен ол жартылай финалда иорданиялық Сұлтан Али Мохд Дамен Эйдтің тас-талқанын шығарды. Ал финалдық сайыста Иран балуаны Пеймен Поштамды 10:1 есебімен ұтқан Темірлан Азия чемпионы атанды.
55 кило салмақта белдескен Қорлан Жақанша шешуші тұста Таиландтың өкілін айқын басымдықпен үтып, қола медальді иеленсе, 63 кило салмақтағы Ернұр Фидахметов үшінші орын үшін бәсекеде Мейсам Далханиден ұтылып қалды.