12 Тамыз, 2013

Сыртқы саясаттағы басымдықтар

303 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің дәстүрлі брифингінде орталық қызметкері Болат Садықов аптаның негізгі оқиғаларымен таныстырды.

 

Кеше Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің дәстүрлі брифингінде орталық қызметкері Болат Садықов аптаның негізгі оқиғаларымен таныстырды.

«16 тамызда ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы Кеңесінің (ТМЫК) Әзербайжан Республикасының Габала қала­сында өтетін ІІІ-саммитіне қаты­сады. ТМЫК-ның бірінші сам­миті 2011 жылы Қазақстан Прези­­ден­тінің бастамасымен Алма­тыда өтіп, онда экономи­калық ынты­мақ­тастық мәселелері талқыланған болатын. Оның қорытындысы бойынша Алматы декларациясына қол қойылды. Кеңеске 4 мемлекет: Түркия, Қырғызстан, Қазақстан және Әзербайжан кіреді», деді Болат Сыдықов.

Бұдан соң ол 17-20 тамызда Қы­тай Халық Республикасының Сырт­қы істер министрі Ван И Қа­зақ­станға ресми сапармен ке­ле­тінін, сапар барысында екі­жақты кездесулер жоспарланып отырғанын, оның ішінде Қа­зақ­станның Сыртқы істер ми­нистрі Ерлан Ыдырысовпен келіс­сөздер көзделіп отырғанын жеткізді. «Сауда-экономикалық, энергетикалық, шикізат емес және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ, көпқырлы тұрпаттағы өзара әрекеттестіктер, оның ішінде қыркүйек айында болатын ШЫҰ саммиті мәселелері де басты назарда болады», деді ол. Ван Идің ресми сапары үсті­міздегі жылғы 6-8 қыркүйекке жоспарланған ҚХР Төрағасының біздің елімізге жасайтын бірінші мемлекеттік сапарының алдында ұйымдастырылып отыр.

Брифингке Сыртқы істер ми­нистрінің орынбасары Қайрат Са­рыбай да қатысып, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – қалып­тасқан мемлекеттің жаңа сая­си бағыты» Жолдауының сыртқы саяси аспектілеріне қатысты сөз сөйледі.

«Елбасы халыққа қазіргі заманға сай халықаралық өркениеттің дамуы мен ХХІ ғасырдың ғалами қауіп-қатерлері ескерілген Қазақ­станның ұзақ мерзімді дамуы­ның жаңа бағдарламасы «2050 Стратегиясын» жария етті. Мұнда 2050 жылға дейін Қазақстанның дүниежүзінде ең дамыған 30 мем­лекеттің қатарына ену тура­лы міндеттер қойылды. Стра­те­гияның ең басты мақсаты – қазақ­стандықтардың өмір сүру деңгейі мен тұрмыс сапасын түбегейлі көтеру. Аталған мақсаттарға жету үшін және Қазақстанның одан әрі даму векторын анықтау үшін Елбасы Стратегияның басқа да маңызды бағыттарымен қатар, жаңа қауіп-қатерлерге сәйкес халықаралық және қорғаныс саясатын қалыптастыру қажеттілігіне назар аударды», деді осы жөнінде Қайрат Сарыбай.

«Жолдауда сыртқы саясатты заман талаптарына сәйкестендіру үшін арнайы басымдықтар көр­сетілген, деді вице-министр әрі қарай. – Олар: аймақтық және ұлттық қауіпсіздікті барынша нығайту, экономикалық және сауда дипломатиясын белсенді түрде дамыту, мәдени-гуманитарлық, ғылыми-танымдық және де басқа сабақтас салаларда халықаралық ын­ты­мақтастықты жандандыру, біздің шетелдердегі азамат­тары­мыздың құқықтық қорғанысын күшейту, олардың жеке, отба­сы­лық және іс мүдделерін қорғау. Сыртқы істер министрлігі қойыл­ған жаңа стратегияның мақсаты мен міндетін, оған жету үшін қандай әдіс пен тәсіл қолдану, ұзақ мерзімді кезеңде қайда жүруіміз керек екенін анық және нақты көруде». Сондай-ақ, ол Жолдауды сыртқы саяси салада жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары қабылданып, оны дәйекті түрде орындау қолға алынғанын, үстіміздегі жылдың наурыз айында СІМ алқасы өткізіліп, онда қажетті тапсырмалар, нақты мерзімдер мен атқарушылар белгіленгенін де атап өтті. «Елбасы өз Жолдауында елдің сыртқы саяси басымдықтарын белгілеп берді. Ол – көрші елдермен – Ресей, Қытай, Орталық Азия мемлекеттерімен, сондай-ақ АҚШ және Еуропа елдерімен әріптестікті дамыту», деді Қ.Сарыбай.

«Азия бағытындағы жетіс­тіктер арасында Елбасының таяу­да Иранға жасаған сапары, Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің Жапонияға сапары, сонымен бірге, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Үндістанға ресми сапарын атап өтуге болады. Біз Африкадағы адам дамуы және экономиканың өсу болашағының зор екенін пайымдап отырмыз және бұл аймақтың халықаралық ұйымдар шеңберінде артып келе жатқан сая­си маңыздылығын ескерудеміз. Нақ осы себеппен Қазақстан жақын арада Африка одағына бақылаушы ел қатарына қосылуды көздеп отыр», деді ол сөзінің соңында. – Дипломатиямыздың Африка бағытындағы маңызды қадамы ү

Соңғы жаңалықтар