Аймақтар • 18 Ақпан, 2020

Бауыржан Байбек жылусыз отырған тұрғындармен жолықты

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірге келген жұмыс сапарының барысында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары  Бауыржан Байбек Павлодар ауданы, Новочерноярка ауылына барды.

Бауыржан Байбек жылусыз отырған тұрғындармен жолықты

Суреттерді түсірген: Валерий Бугаев

Ауылдағы 5 қабатты  тұрғын үйлердегі пәтерлер пештерге көмір жағу арқылы жылытылады.

Бұл үйлер  Кеңес өкіметі кезінде салынып, соңынан  жылу желілерінен  үзіліп қалған.

 Бауыржан Байбек осы  үйлерде тұратын жылдар бойы жылудың жоқтығына шағым айтқан  тұрғындармен кездесті.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, бұл үшін ауылда жылу қазандығының құрылысын жүргізу қажет. Сонда жылу желісіне  тұрғын үйлер, мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулаторияны қосу жоспарланып отыр.  

– Осы жобаның жүзеге асырылуын «Nur Otan» партиясының  бақылауына алынды, – деді жағдайман танысқан Бауыржан Байбек.

Бұдан кейін Бауыржан Байбек бастаған партия делегациясы-облыс  орталығындағы жерасты суы басу қаупі бар  Екінші Павлодар ауданында да болды.

Қала әкімі Қайрат Нүкеновтің айтуынша, қазір шағын ауданда кәріз желілері тартылуда.

Бауыржан Байбек партияластарына бұл күрделі  жұмысты да бақылауға алып, желілер сапалы түрде тартылуын қадағалауды тапсырды.

Павлодар