Аймақтар • 18 Ақпан, 2020

Жүк көліктері 300 шақырым жолды жарамсыз етті

695 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында ауыр салмақты жүк көліктерінің кесірінен тас жолдардың 300 шақырымы жарамсыз күйге түскен. Жолға зақым келмеуі үшін жүк көлігінің салмағы 8 тоннадан аспауы керек. Өңірде облыстық маңызы бар 1067 шақырым жолда жүк көліктеріне жүруге рұқсат етілген.

Жүк көліктері 300 шақырым жолды жарамсыз етті

Белгіленген тәртіпке бағынбай жолға шыққан аса ауыр жүк көліктерінің иелеріне енді қомақты айыппұл салынатын болады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметовтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде тиісті органдарға жолдағы ауыр жүк көліктерінің қозғалысын қатаң бақылауға алу жүктелді. Жол құрылысы-жөндеу жұмыстарының ауқымы бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Өткен жылы 1 738 шақырым жол мен көше құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылып, оның 1 270,4 шақырымы пайдалануға берілген. Биыл 869,8 шақырым жолда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Өңірдегі автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы – 20 928,9 шақырым. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі өткен жылы 74,1 пайызға жеткен. Аталған көрсеткішті биыл 80%-ға жеткізу көзделуде.