12 Тамыз, 2013

Игілікті іс тындыруға ұмтылулары тиіс

463 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

УлдайТабантал ауылдық округінің әкімдігіне үш кандидат сайлауға түсті. Мен осы ауылдық округтің билік тізгінін соңғы жылдары ұстаған Шолпангүл Қалиеваның сенімді өкілі болуға келісіп, додада жеңіп шығуына тілектес болдым. Үміткерлердің барлығы елдің жайын білетін, халықпен ортақ тіл табысып жұмыс істей алатын азаматтар болғандықтан, іштей әлде қайтеді деген ойдың да қылаң бергенін жасыруға болмас. Сондықтан да сайлау өтетін Хромтау қаласындағы №6 мектеп-гимназияға уақтылы келдім. Ауылдық оругтер және Никельтау селосы мен Хромтау қаласы әкімдерін сайлауға аудандық мәслихаттың 13 депутаты түгел қатысты. Алдын ала сайлау­ды өткізу тәртібімен танысқандықтан болар, әкімдерді сайлау барысында ешқандай ағаттықтарға жол берілген жоқ. Сайлау бюллетеньдерін алу, толтыру және урнаға салуда жинақылық байқалды. Бюллетеньдерді есептеу және пайдаланылмағандарын есептен шығаруда да ашықтық принципі сақталды.

Улдай

Табантал ауылдық округінің әкімдігіне үш кандидат сайлауға түсті. Мен осы ауылдық округтің билік тізгінін соңғы жылдары ұстаған Шолпангүл Қалиеваның сенімді өкілі болуға келісіп, додада жеңіп шығуына тілектес болдым. Үміткерлердің барлығы елдің жайын білетін, халықпен ортақ тіл табысып жұмыс істей алатын азаматтар болғандықтан, іштей әлде қайтеді деген ойдың да қылаң бергенін жасыруға болмас. Сондықтан да сайлау өтетін Хромтау қаласындағы №6 мектеп-гимназияға уақтылы келдім. Ауылдық оругтер және Никельтау селосы мен Хромтау қаласы әкімдерін сайлауға аудандық мәслихаттың 13 депутаты түгел қатысты. Алдын ала сайлау­ды өткізу тәртібімен танысқандықтан болар, әкімдерді сайлау барысында ешқандай ағаттықтарға жол берілген жоқ. Сайлау бюллетеньдерін алу, толтыру және урнаға салуда жинақылық байқалды. Бюллетеньдерді есептеу және пайдаланылмағандарын есептен шығаруда да ашықтық принципі сақталды.

Сайлау қоры­тын­дысы бойынша Шол­пангүл Қалиева ауылдық округ әкімдігіне өткенде қуанғанымды жасыра алмай қалдым. Оның да реті бар. Шолпангүл әкім болғалы ауылда бірқатар игілікті істердің атқарылуына ұйытқы болды. Округтегі төрт елді мекенде 746 адам тұрады, 744 мың теңгеге ауыл көшелерін жарықтандыру жүргізілді. Балабақша жұмыс істейді. Ауылдықтар көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Көшелерге су құбыры тартылды, енді үйлерге кіргізу ғана қалып тұр. Қазірдің өзінде ауыл тұрғындары 15 қауымдастыққа бірігіп, өзекті мәселелерді ортақ ойласып шешуге мұрындық болуда.

Табанталдықтарды қи­найтын мәселе ауыл мен Ақтөбеге баратын күрежолға дейінгі 35 шақырымның ойқы-шойқылығы. Қайтадан сайланған әкім болашақта бұл араға қатты жамылғы төсеуге қозғау салмақшы. Сайлау ашық та әділ өтті. Ешқандай реніш болған жоқ. Таңдаушылар шын мәнінде халықтың көңіліндегі үміткерлерге дауыс берді. Әрине, сайлауда сенім артылған әкімдерге жүктелер жауапкершілік те жоғары, аманат үлкен. Ауыл әкімдерін осылай сайлау демократияның айқын көрінісі болды. Енді жаңадан сайланған әкімдер елдің, жердің қожасы ретінде халықтың мұң-мұқтажына бұрынғыдан да жақынырақ келіп, игілікті іс тындыруға талпынулары керек.

Сенім деген бәрінен де қымбат. Ал сенім үдесінен шығуға ізденіспен жұмыс істеу, ұйымдастырушылық қабілет пен халықтың қамын ойлайтындай қасиет керек. Міне, жаңадан сайланған әкімдерден халықтың күтетіні осындай іс-қимыл. Демо­кратиялық дамуымызға арна тартқан бұл саяси науқан еліміздің жарқын болашаққа бағытталған қадамын нығайта түсетіні сөзсіз.

Ұлдай ҚҰМАРҒАЛИЕВА.

Ақтөбе облысы,

Хромтау ауданы.