Күрес • 19 Ақпан, 2020

Күрес: Азия чемпионатының алғашқы күні төрт жүлде алдық

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күнін Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері төрт жүлдемен қорытындылады.

Күрес: Азия чемпионатының алғашқы күні төрт жүлде алдық

Осыған дейін 77 кило салмақта күш сынасқан Тамерлан Шадукаев Азия чемпионы атанса, 55 кило салмақта белдескен Қорлан Жақанша мен 87 кило салмақта өнер көрсеткен Азамат Құстыбаев қола медальді еншілеген еді.

Ең соңғы болып 130 кило салмақтағы Мансұр Шадукаев боз кілемге шықты. Оған да бұйырғаны қола медаль.

Сонымен қатар Өзбекстанның туы астында өнер көрсетіп жүрген Елмұрат Тасмұратовтың тасы өрге домалағанын айта кетуге тиіспіз. 63 кило салмақ дәрежесінде бақ сынаған қандасымыз бесінші рет Азия чемпионы атанды.