Аймақтар • 19 Ақпан, 2020

Хабарсыз кеткен кәсіпкер іздестірілуде

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада полицейлер, төтенше жағдай қызметкерлері мен еріктілер төрт күннен бері хабарсыз кеткен кәсіпкерді іздестіруде.

Хабарсыз кеткен кәсіпкер іздестірілуде

Жетпіс екі жастағы Тынымбай Баженов 15 ақпанда таңғы сағат 05.00 шамасында дария бойында жүгіруге шығып, содан бері үйіне қайта оралмаған.

Бұл дерек Қызылорда қалалық полиция басқармасында тіркеліп, жедел іздестіру шаралары басталды. Оған облыстық полиция, төтенше жағдайлар департаменттері қызметкерлері жұмылдырылды. Фейсбук әлеуметтік желісін белсенді пайдаланушы Серік Ерімбетов атты азаматтың ұйымдастыруымен іздеу жұмыстарына «Волонтеры Қызылорда» еріктілер тобы да қатысуда.

Төрт күн ішінде іздеушілер дария бойын, оған жақын салынып жатқан және қараусыз қалған құрылыстарды, сол маңайдағы саяжайлық аумақтарды аралап шықты.

Әзірге ешқандай нәтиже жоқ. Іздестіру жұмыстары жалғасуда.