Аймақтар • 19 Ақпан, 2020

Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппараттық отырыс өтті

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімінің орынбасарлары, департамент, басқарма басшылары, қала әкімінің орынбасары, аудан басшылары қатысқан жиында Ақтөбе облысының тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Жұмамұрат Алдашев «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының таныстырылымын жасады. 

Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппараттық отырыс өтті

Жұмамұрат Алдашевтың мәліметінше, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесі барлық мемлекеттік органдар мен 208 үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын қамтиды. Халықтың басым бөлігі  тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесіне сенімі әлсіз. 

Әлеуметтік сауалнамаға қатысқандардың 87% - ы құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу фактісін растайды, бұл ретте 29% - ың  жылына 7 реттен астам құқығы бұзылған.  2018 жылы халық арасындағы сауалнамаға сәйкес  мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейі 51% - ға төмендеген.         

Тұтынушылардың 64% өз құқықтарын қорғалмағандығын айтқан. Осыған байланысты тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізгі проблемаларына тұтынушылардың сауатсыздығы,  тұтынушылардың қарапайым құқықтарын бұзғаны үшін кәсіпкерлердің жазасыздығы сынды  т.б себеп. «Ақтөбе облысында тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша жан-жақты жұмыстар атқарылуда. Жақында ғана облыс әкімдігінің  қолдауыммен салааралық жұмыс тобы құрылды. Олар тұтынушылардың құқығын қорғау,сауаттылығын арттыру жұмыстарымен айналысады», деп атап өтті Оңдасын Оразалин.
        

Департамент басшысы осы тұста   салараралық жұмыс тобы облыс әкімінің қолдауымен  еліміз бойынша алғаш болып жүзеге асырылып отырғандығын жеткізді. Сонымен қатар облыс әкімі аудандарда тұтынушылардың құқығын қорғау институттарын ашу қажеттігі жайлы ұсынысқа  қолдау білдірді. Аталған мәселеге қатысты аудан әкімдеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.