Аймақтар • 19 Ақпан, 2020

Алматыда құрылыс қарқынды жүріп жатыр

193 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласында Әлеуметтік Құрылыс және рекреациялық аймақтарды қалпына келтіру үшін жер тапшылығы мәселесі шешілді деуге болады. Алматы қаласының меншігіне 383,5 га жер қайтарылған. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарымен есепті кездесуі барысында хабарлады.

Алматыда құрылыс қарқынды жүріп жатыр

«Тағайындалған күннен бастап қалада жол, мектептер, ауруханалар, балабақшалар, емханалар салу, саябақтар,бақшалар, қоғамдық демалыс аймақтарын құру үшін  бос жерлердің жетіспейтіндігін аңғардым. Сондықтан мен Орталық алдына проблемалық несиелер қоры кепілдігіндегі жерлерді қаланың қарамағына беру мәселесін қойдым», деп түсіндірді қала әкімі Б. Сағынтаев.

2019 жылы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ және «Kazkom Reality» ЖШС жерлерін Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы шешім қабылдады. Берілетін жерлердің жалпы көлемі 383,5 га құрады.

«Бұл жерлер қала үшін маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін ғана жұмсалады», деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Көзделген аумақтардың ішінде рекреациялық және саябақ аймақтарына 166,34 га бөлінді, оның ішінде 116,74 га Іле Алатауы тауының етегіне келеді, мұнда Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша алғаш ашылған тау ландшафты сақтап қалуға көңіл бөлініп отыр. Қала орталықтарын дамыту үшін 7 балабақша, 4 мектеп, оқушылар сарайлары, емханалар, метрополитен, автовокзал сынды әлеуметтік нысандардың құрылысына 87,44 га жер бөлінген. Әлеуметтік тұрғын үй құрылысы 66,69 га құрайды. Көлік коммуникациясына әкімдік 38,33 га бөлді.

Жалпы 2019 жылдың қорытындысы бойынша жер мәселелері бойынша 6 693 оң шешім қабылданды, бұл 2018 жылға қарағанда 2 есе көп.

Сейфуллин/Жансүгіров көшелерінде көлік айрығын салу үшін бұзу қарастырылған 117 үйдің иелеріне Абай даңғылын кеңейту үшін 59 үйдің меншік иелеріне өтемақы төленген.