Қоғам • 19 Ақпан, 2020

Қаскөйлерге тосқауыл қойылатын болды

237 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне теңізде тез жүргіш 2 катер сыйға тарту етілді. Осылайша күннің ыстығы мен суығында табиғат қорғаушылардың қызмет етулеріне жағдай жасалды. Ал осындай мүмкіндік «Теңізшевройл» ЖШС келіссөздер жүргізудің нәтижесінде мүмкін болып отыр, деп хабарлайды Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметі.

Қаскөйлерге тосқауыл қойылатын болды

Катерлерді табыстау шарасында Компания өкілдеріне алғысын жеткізген Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов, бүгінгі күн - айтулы күндердің бірі екендігін тілге тиек етті. Елімізде дүниежүзілік деңгейде жұмыс жасап жатқан ірі компаниялар кемде кем. Солардың бірі - әлеуметтік тұрғыда өңірдің тұрмыс жағдайы мен табыс көзіне аса мән беріп, біршама қызметтер атқарып жүрген «Теңізшевройл» компаниясы екендігі айтылды.

«Қызылсай» мекемесінің қызметі – тиісті ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесі мен өсімдік түрлерін қорғап, қоршаған ортаның бүлінбеуі мен браконьерлерге қарсы жұмыстар жүргізу болып табылады. Мекеменің құрамына 1 өңірлік парк және жергілікті маңыздағы 6 қаумал бар.

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен «Теңізшевройл» ЖШС арасындағы жемісін берген келіссөздер алғаш рет 2019 жылдың 22 тамызында бастау алған болатын. Ол кезде «Қызылсай» мекемесіне 7 вагон-үйлер, 22 фототұзақтар мен 2 дрон сыйға тартылған еді.

1

Бұл - демеушілік жасауға келісім берген компания тарапынан жұртшылықпен байланыстың нығаюына және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына көңіл бөлініп отырғандығы дәлелдене түсті.