Экономика • 19 Ақпан, 2020

Алматыда 700-ден астам жер телімі заңдастырылды

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда қала әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесуі өтуде. Halyk Arena көпсалалы кешеніне 3,2 мыңнан астам адам жиналды.

Алматыда 700-ден астам жер телімі заңдастырылды

Мегаполис тұрғындары жер учаскелері мен жеке тұрғын үйлерді заңдастыру мәселесін көтерді.

«Бүгінде 700-ден астам жер телімі заңдастырылды», деді әкім.

Қалған 200 учаскі су қорғау аймағында немесе қызыл сызықта орналасқан. Осыған байланысты Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша әкімдік мүдделі мемлекеттік органдармен қажетті заңнамалық өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар, қалада 2192 жеке тұрғын үй заңдастырылды. Ең көп үй Алатау ауданында заңдастырылған. Ауданда 979 меншік иесі өтініш білдіріпті.

Мәселені шешу үшін қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы кейбір ықшамаудандардағы қызыл сызықтарға түзету жүргізді. Бұл олардың үй құрылысын заңдастыруға мүмкіндік береді.