Аймақтар • 19 Ақпан, 2020

Алматының Оқушылар сарайы күрделі жөндеуден өтеді

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тұрғындармен кездесуі барысында қаланың экономикалық-даму көрсеткіші жайында слайд көрсетіліп, одан кейін қала басшысы тұрғындардың сауалдарына жауап беруге кірісті.

Алматының Оқушылар сарайы күрделі жөндеуден өтеді

Тұрғындарды қала тіршілігінің бейжай қалдырмайтынын сұрақтардың толассыз қойылуынан байқауға болады. Қала басшысы барлық сауалға жауап бере отырып, аудан әкімдеріне тапсырма беріп отырды. Әлеуметтік саланы қамтитын сұрақтар қатарында қаламызға жаңа қосылған Наурызбай ауданында халық санының артуына байланысты балаларға арналған Оқушылар үйінің жоқтығы айтылды.

Қала әкімі аталған ауданда биыл жаңа үлгідегі Оқушылар үйі салынатын жер белгіленіп, жоба жасалғанын айтып өтті. Оқушылар үйі биыл құрылыс жұмысын бастайтын болады.

Шаһар басшысы, сондай-ақ, биыл шаһарымыздағы негізі 1983 жылы қаланған Республикалық Оқушылар сарайы күрделі жөндеуден өтетінін айтып өтті. Оқушылар сарайын жөндеуден өткізгенде тұрғындармен ақылдаса отырып, қандай үйірмелер ашылып, қандай құрал-жабдықтармен қамтылатыны шешілетін болады. 

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00