Бүгін «АЯЛА» қайырымдылық қоры «Кәсіби бағдарлау» жобасы шеңберінде Алматы қаласындағы №10 мектеп-интернатта екі шеберхана ашты. Бұл мектепте күнкөрісі төмен және көпбалалы отбасылардың балалары оқиды. Енді бұл балалардың «Орифлэйм» компаниясының демеушілік танытуымен сатып алынған ең озық технологиялармен тігіншілік және ағаш шеберлігінің тамаша дағдысын игеруге мүмкіндігі бар.

№10 мектеп-интернатта тігін және ағаш шеберханасы 2016 жылы «Орифлэйм» компаниясының демеушілік көмегінің арқасында пайда болған еді. Бірақ ол кезде құралдар мен материалдар аз болды. Сондықтан балалар тігіншілік пен ағашпен жұмыс жүргізудің негізгі дағдыларын ғана үйрене алды. Енді олардың екі толықанды шеберханасы бар, мұнде енді күн сайын 100-ге жуық жасөспірім оқудан өтеді.
Өз кезегінде «Орифлэйм» қайырымдылық жобаларының басты мақсаты – балалардың оқуына және кәсіби дайындықтан өтуіне көмек беру, өйткені алған білімі олардың болашақ берекелі өмірінің іргетасы болып табылады. «Көп жылдар бойы біз балалардың өз армандарын іске асыруына көмектесуге тырысып келеміз және біздің компанияның мұндай мүмкіндігінің бар екенін мақтаныш тұтамыз», – дейді «Орифлэйм» компаниясының өкілдері.
Ағаш шеберханасына заманауи шебер үстел, «үшеуі бірге» функциясы бар ағаш арасы, бұрғылау және қайрау станоктары, екі ажарлағыш машина, бірнеше ою арасы, бұрғы, бұрама шегені бұрағыш, шарқайрақ, металл және ағаш қол арасы – жалпы 903 400 теңге сомаға барлығы 40-тан астам жабдықтар орнатылған. Ағаш шеберханасындағы сабақтарды үлкен жұмыс тәжірибесі бар педагог Әділ Бекбердиев жүргізеді. Оның балаларды оқытудағы жоспары үлкен: азық-түлік турайтын тақтайлар, отырғыштар, үстелдер жасау, мектептің ағаш жиһазын жөндеу. Қазір мұның барлығын сатып алуға немесе тапсырыс беруге болады. Бірақ, Әділ Жолдасбайұлы мұндай шеберхана балалардың оқуда неғұрлым жинақы және зейінді болуына көмектеседі деп санайды. Сондай-ақ ересек өмірге пайдалы практикалық дағды алуына көмектеседі, оларды жиһаз жинауға, тұрғын үй жөндеуге және бәлкім, болашақ кәсібінде қолдануға мүмкіндік туады.
Бұл пікірмен жаңартылған тігін шеберханасында сабақ жүргізетін педагог Алмагүл Мұстафина да келіседі. Осы сабақтарда жоғарғы сыныпта оқитын қыздар тігін машинасында қалай қауіпсіз және дұрыс жұмыс істеуге болатынын, матаны қалай дұрыс таңдау керектігін біледі.. «Жай киімді немесе төсек ақжаймасын өз бетінше пішіп, тігу, матаны немесе киімді әдемі кестелеу, шалбарды, көйлекті, белдемшені жөндеу немесе қайырып тігу – осындай күнделікті өмірге қажетті дағдыны қыздар біздің жаңа шеберханада үйренеді. Ал мұны заманауи қауіпсіз және жайлы жабдықта жасау бәріне ұнайды және ынталандыра түседі», – деді Алмагүл Сейфуллақызы.
Бес тігін машинасы, оның ішінде бір өнеркәсіптік, үш жіптік торлағыш, бумен жібіткіш, үлкен ыңғайлы пішетін үстел, үш тігін манекені, үтік, үтіктеу тақтасы, жіптер, қайшылар, инелер жиыны – барлығы 552 050 теңге болатын осы тігін шеберханасы үшін жабдықтардың толық жиынтығын құрайды.
«Кәсіби бағдарлау» жобасын іске асырудың 6 жылы ішінде біздің қор 5 курс ұйымдастырды, 19 арнайы шеберхана ашты, ондаған тамаша және үйретуге құштар адамдарды педагог және тәлімгер ретінде тартты. Біз 5 баланы шаштараздыққа, 20 оқушыны – тігіншілікке оқыттық. 60 жасөспірім үй жағдайында қарапайым тамақ дайындау курсынан өтті. Жоғары сыныптардың 30-дан астам оқушылары әлеуметтік желілер үшін қызықты бейне-контент жасауды үйренді. Алматыдағы 2 мектеп-интернаттың және облыстық балалар үйінің 21 жасөспірімі осы аптада визаж, нейл-стилист, ТД-жүргізушісі және журналист, сайт жасау және автоэлектрик курстарында оқуын бастады. Бүгін біз №10 мектеп-интернатта екі заманауи және қауіпсіз шеберханалардың жұмыс істей бастағанына қатты қуанып отырмыз. Осы жобаға қолдау көрсеткен «Орифлэйм» компаниясына үлкен алғысымызды білдіреміз. Бұл шеберханалардағы сабақтар көптеген жасөспірімдердің өзіне және өз күшіне сенімді болуына көмектесетініне, ал кейбіреулеріне болашақ кәсібіне және тіпті өз ісін бастауына жол ашатынына сенімдіміз», деді «АЯЛА» қорының президенті Айдан Сүлейменова.
Маймылшешек ауруы тарала бастады
Әлем • Бүгін, 21:10
Өзен-көлдердегі бөгеттер жойылды
Әлем • Бүгін, 21:09
Жаһандық жылынудың салдары ауыр
Экология • Бүгін, 21:07
Қонаев қаласында өткен кездесулер
Аймақтар • Бүгін, 21:04
Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан: Саясаттану ғылымының алдында ауқымды міндеттер тұр
Қазақстан • Бүгін, 20:57
ТМД елдерін күш біріктіруге шақырды
Қазақстан • Бүгін, 20:56
Үкімет • Бүгін, 20:54
Спорт • Бүгін, 20:53
Жеңілдетілген автонесие: Алғашқы көлік берілді
Қоғам • Бүгін, 20:50
Жастар қалауы – жарқын келешек
Референдум-2022 • Бүгін, 20:48
Жер телімін алуға жеңілдік баспана мәселесіне басалқы болар еді
Қоғам • Бүгін, 20:47
Референдумды қолдауға үндеу жасады
Референдум-2022 • Бүгін, 20:45
Референдум-2022 • Бүгін, 20:43
Аймақтар • Бүгін, 20:41
Жетісу жолдары қашан жақсарады?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Ulttyq ónim – отандық өндірушілерге ортақ алаң
Қазақстан • Бүгін, 20:38
Экожүйе инвестициялық климатты жақсартады
Бизнес • Бүгін, 20:36
Бизнеске қысым көрсетуді доғару қажет
Бизнес • Бүгін, 20:35
Пікір • Бүгін, 20:33
Ел назарында – «Екінші Республика»
Қазақстан • Бүгін, 20:32
Зұлмат жылдар жаңғырығы – «Ақ боз үй»
Кино • Бүгін, 20:29
Спорт • Бүгін, 20:26
Қазақстандық теннисшілер халықаралық жарыстарда жеңіске жетті
Теннис • Бүгін, 20:24
Тарих • Бүгін, 20:23
Еліміздегі әскери оқу орындарында даярлық бағдарламалары қайта қаралады
Қазақстан • Бүгін, 19:44
Су ресурстарын басқарудың жеке мемлекеттік органы құрылмайды
Үкімет • Бүгін, 19:26
Талдықорған-Үшарал жолын су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 18:49
Үндістанның Ассам штатында су тасқынынан 18 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 18:32
ШҚО-да егіс алқабы 14,6 мың гектарға артты
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Елімізде «Дебют» шығармашылық бірлестігі қайта құрылады
Өнер • Бүгін, 17:30
Оралда бағанға соғылған Toyota жүргізушісінің халі ауыр
Оқиға • Бүгін, 16:45
Бүгін Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан мен Германия ойнайды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Алматы облысында екі жасар сәби суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Оралда жол апатынан 20 жастағы қыз көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Ұқсас жаңалықтар