Аймақтар • 19 Ақпан, 2020

Б. Сағынтаев: Әрбір алматылықтың қауіпсіздігі - басты назарда

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есептік кездесу барысында тұрғындардың сұрақтарына жауап берген Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғадан кейін қалада қабылданған алдын алу шаралары туралы да мәлімдеді.

Б. Сағынтаев: Әрбір алматылықтың қауіпсіздігі - басты назарда

«Қордайда болған барлық нәрсе белгілі, бұл туралы айтылды. Ашық түрде талқыланып, көрсетілді. Үкімет жұмыс істеді», – деді әкім. Сондай-ақ бұл мәселе Тұңғыш Президент - Елбасы Н. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінде қаралғанын да атап өтті. Құқықтық бағаны құқық қорғау және сот органдары береді.

«Біздің қалаға қатысты айтар болсақ, орын алған оқиғалар туралы ақпарат келгенде, барлық қызметтер жұмылдырылды. Яғни, құқық қорғау органдары мен әкімдік қызметтері», - деді Б. Сағынтаев.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әлеуметтік желілерде деструктивті сипаттағы үндеулер болған. Алматыдағы базарлардың иелері мен директорларына қызметін уақытша тоқтата тұру ұсынысы айтылған.

«Базарлардың не үшін қоршалғаны туралы сұрақтар болды. Біз әлдебіреулерге қатысты құқық бұзушылық фактісінің орын алуына жол бермеуге тырыстық. Сондықтан қауіпсіздік шаралары күшейтілді, базарлардың аумағы күзетке алынды», - деді әкім.