Қазақстан • 19 Ақпан, 2020

БҰҰ-ның 75 жылдығына арналған PR-науқан басталды

286 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымы өзінің 75 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы айтулы оқиға қарсаңында БҰҰ Алматыдағы кеңсесінде Қазақстанда тіркелген БҰҰ агенттіктерінің басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бас қосып, халықаралық ұйымның Қазақстандағы агенттіктерінің биылғы жоспарымен танысты.

БҰҰ-ның 75 жылдығына арналған  PR-науқан басталды

Суретті түсірген: Марат ЖҮНІСБЕКОВ (Marabeey)

Орайы келіп тұрғанда, БҰҰ-ның Алматыдағы кеңсесі қауіпсіздіктің әлемдік стандарттарына жауап беретін бірегей ғимарат екенін айта кеткен жөн.

Осы ғимаратта Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов, Қазақстандық Медиа Альянсының төрағасы Арманжан Байтасов, БҰҰ-ның Қазақстандағы жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек, ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат 30 шақты журналиспен кездесті.

Ерлан Ысқақов Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдардың ішінде БҰҰ-ның белсенді мүшесі болып табылатындығын және біздің мемлекет халықаралық қауымдастыққа сәтті кірігіп, лайықты орнын  алатынын тілге тиек етті. БҰҰ кеңсесінде БҰҰ жүйесінде аймақтық өкілеттіктері бар 30-дан астам агенттіктің 16-сы Қазақстанда орналасқан.

Қазақстандық Медиа Альянсының Төрағасы Арманжан Байтасов өз сөзінде сыртқы саясаттың күн тәртібінде Қазақстан реципиент ел позициясынан аймақтық дамудағы серіктес позициясына біртіндеп ауысып келе жатқанына назар аударды. Осыған байланысты Алматыда БҰҰ Аймақтық Хабын құру стратегиялық басымдықтардың бірі болып табылады. Бұл қадам Қазақстанға аймақтық дамуды, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосымша үлес қосуға мүмкіндік береді.

Криста Пиккат  ханым білім беру, ғылым және технологиялар, әлеуметтік мен гуманитарлық ғылымдар, мәдениет, байланыс, ақпарат және информатика сияқты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын Қазақстандағы ЮНЕСКО қызметі туралы атады.

«Биыл ЮНЕСКО-ның айшықты шараларының қатарына Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Шымкент қаласының 2200 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы еніп, және оның жарияланымдарын 2020 жылға арналған халықаралық күнтізбеге енгізу туралы қарар қабылданды. Осы айтулы даталар ЮНЕСКО арналарын қолдана отырып, атаулы оқиғаларды шеттілдеріндегі басылымдарда халықаралық деңгейде насихаттау қарастырылған», деді Криста Пиккат. Осыған орай, үстіміздегі жылдың қыркүйегінде ЮНЕСКО Бас хатшысы Одре Азуленің Қазақстанға сапары жоспарланған.

Жалпы, кездесу сұрақтар мен жауаптар түрінде өрбіді. Және БҰҰ-ның 75 жылдығына арналған барлық іс-шараларды қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау мәселесі сөз болды.

БҰҰ қазіргі Бас хатшысы – Антониу Гутерриш 2017 жылдың 1 қаңтарынына бері осы қызметті атқарып келеді.

 

Алматы