Бүгінде жиырма шақты елге экспортталатын агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің тізбесі 3-тен 19-ға артты дейін артты. Былтыр экспорт көлемі 7 пайызға өсті, оның 90 пайызы қайта өңделген өнім. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қалдықсыз өңдеуге жаңа технологиялар тартылуда. Бұл туралы облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов ел алдында берген есебінде айтты.
«Тауарлардың әлеуметтік маңызы бар түрлеріне бағаны тұрақты ұстап тұруға тұрақтандыру қорының серіктес сауда желілері арқылы қол жеткізіп отырмыз. Өткен жылдың қорытындысымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі республика бойынша біздің облыста ең төменгі өсімді (9,1%) көрсетті», - деді облыс әкімі.
Осы көктемде қала іргесіндегі Маханбетов аулындағы 2 гектарлық жылыжай кешенінің алғашқы өнімі жиналады. Испандық технология негізінде жұмыс істейтін автоматтандырылған кешен құны 1 млрд теңгеден асады.