Аймақтар • 19 Ақпан, 2020

Қызылорда: Биыл 10 ірі жоба жүзеге асады

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Сыр өңірінде жалпы құны 408 млрд теңге болатын 10 ірі жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың тұрғындар алдындағы есебінде айтылды.

Қызылорда: Биыл 10 ірі  жоба жүзеге асады

2018 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілген тампонажды цемент өндіру зауыты өнімін осыған дейін көршілес өңірлер де алып келсе, былтырғы шілде айынан бастап Сыр цементі шетелге экспортталуда. Ал қара тақта тастарды автоклавты қайта өңдеу бойынша жобасын іске асырып жатқан «Баласауысқандық» ванадийлі кен орнынан жыл сайын Ресей мен Ұлыбританияға 200 тоннадан астам аммоний метаванадаты экспортталады,- деді аймақ басшысы.

2019 жылы «Арал тұз» акционерлік қоғамы тұз өндіру көлемін 25 пайызға өсірсе, биыл тағы 10% арттырады. 2022 жылға қарай өнім көлемін 700 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ қуаттылығы жоғары үшінші испандық цехтың құрылысына кірісуде.

Жаңақорған ауданындағы «Шалқия» кен орнында тау-кен байыту комбинатын салу және басқа да бірқатар перспективалы жобалар бойынша жұмыстар  жалғасуда.

Сондай-ақ Арал ауданында кальцийлендірілген сода өндіретін алғашқы зауыттың құрылысының жобасын тиісті  министрліктермен келісудің соңғы кезеңі жүргізілуде.