14 Тамыз, 2013

Масқара!

255 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

пресБАЛАСЫНЫҢ КӨЗІНШЕ ШЕШЕСІН ӨЛТІРГЕН

35 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны аса қатыгездікпен адам өлтіргені үшін 16 жылға темір торға тоғытылды.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «д» тармағымен кінәлі деп танылған аса қатыгездікпен адам өлтірген бұл азаматқа қатысты сот үкімін жария етті.

 

БАЛАСЫНЫҢ КӨЗІНШЕ ШЕШЕСІН ӨЛТІРГЕН

35 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны аса қатыгездікпен адам өлтіргені үшін 16 жылға темір торға тоғытылды.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «д» тармағымен кінәлі деп танылған аса қатыгездікпен адам өлтірген бұл азаматқа қатысты сот үкімін жария етті.

Сотталушы Б. өзінің көршісі азаматша С.-ның үйіне келіп, қарызға 1500 теңге ақша сұраған. Сол жерде жәбірленуші С. сотталушы Б.-ға 500 теңге береді. Ол 500 теңгені азсынып, қанағаттанбай, дөрекілік танытып, С.-ға ар-намысына тиетін сөздер айтқан кезде, екеуінің арасында жанжал туған.

Сотталушы жанжалды себеп етіп, С.-ның қасында кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар екенін біле тұра, оның оң жақ бетінен бір рет ұрып, жеңіл дәрежелі дене жарақатын салған. Соққы алған С. сотталушы Б.-ны тоқтатуға күші келмейтінін біліп, одан қаша берген кезде, ол артынан қуып жетіп, асханадағы үстел үстінде жатқан пышақты жасөспірім баланың көзінше, жәбірленушіге аяусыз сұғады. Осылайша, сотталушы қасақана кісі өлтіруге бағытталған әрекетімен жәбірленушінің кәмелетке толмаған баласын жан күйзелісіне түсірген.

Осы сәтте, анасының қансырап, қиналып жатқанын көрген кәмелетке толмаған ұлы қолына ағаш оқтау алып, анасын арашаламақшы болып, сотталушы Б.-ның басының шүйде тұсынан екі-үш рет ұрып, оның қылмыстық әрекетіне тосқауыл қоюға тырысқан. Алайда, сотталушы Б. жасөспірім баланың анасына араша түсу мақсатындағы іс-әрекеттеріне мән бермей, жан күйзелісінде жүргенін біле тұра, алған жарақаттарынан әлсіреп жатын бөлмеге қашып бара жатқан жәбірленуші С.-ның артынан қуып жетіп, ұрып-соғып, бірнеше рет үсті-үстіне пышақ салып, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Жәбірленуші С. тән зардабын шегіп, кәмелетке толмаған баласының көз алдында ес жимастан қайтыс болған, деп хабарлайды Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.

 

АНАСЫ АЛТЫ ЖАСАР ҰЛЫН АҒЫЗЫП ЖІБЕРМЕК БОЛҒАН

«Естімеген елде көп». Бүгінде бұған дейін естімек тұрмақ, түсі­мізге де кірмеген талай сұмдық оқи­ғалардан күнде дерлік хабардар болып тұратын болдық. Солар­дың бірі өткен сенбі күні түс кезінде Өскеменде орын ал­ған. Осы қалада тұратын 50 жаста­ғы әйел өзінің 6 жасар ұлын суға батырып, ағызып жіберуге әрекет жасаған.

Бұл оқиғаның алдын алып, дер кезінде тиісті орындарға хабарлап үлгерген 15 жасар жасөспірім болып шықты. Осы кезде сол маңай­да бір топ бала суға түсіп жатып­ты. Солармен бірге жүрген жаңа­ғы естияр жеткіншек бір әйел­дің кішкентай бүлдіршінді ішкі киіміне дейін шешіндіріп, сосын қолынан жетектеп, арырақ апарып, суға батыра бастағанын байқап қалады. Мұны көрген жасөспірім көп ойланбастан, соларға қарай тез жүзіп жетеді. Ол барған бойда жылап тұрған баланы әйелдің қолынан тартып алып, дереу «жедел жәрдемге», төтенше жағдайлар департаментіне және полицияға дабыл түсіреді.

Қазір әйел облыстық психо­нев­ро­логиялық диспансерде тексе­рі­ліп жатқан көрінеді. Оның ақыл-есі дұрыс немесе дұрыс емес екенін сол тексеру анықтайды. Әзір­ге ол содан кейін өзі де өмір­мен қоштаспақ болған деген ғана болжам бар.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.

Соңғы жаңалықтар