Спорт • 20 Ақпан, 2020

Теннис: Кукушкин Марсельдегі турнирде ұтылды

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Францияның Марсель қаласында теннистен жүлде қоры 700 мың евроны құрайтын турнир өтіп жатыр. 

Теннис: Кукушкин  Марсельдегі турнирде ұтылды

Осы жарыста ерлер арасындағы еліміздің ең танымал теннисшісі Михаил Кукушкин де бақ сынауда. Өкінішке қарай, оның қадамы сәтті болмады. Өзінің тұсаукесер кездесінде жерлесіміз Францияның теннисшісі Пьер-Юг Эрберден 6:7, 4:6 есебімен ұтылып қалды.

Бір айта кетерлігі, Францияның өкілі жекелеген бәсекелерде кереметтей өнер көрсетпегенімен, жұптық сайыстарда қол жеткізген табыстары толағай. Ол әр жылдары «Үлкен дулыға» санатындағы төрт турнирдің барлығында топ жарған.