Жүлде қоры 2 908 770 АҚШ долларын құраған жарыстың алғашқы айналымында жерлесіміз Аустралияның ашық біріншілігінде айды аспанға шығарып, бас жүлдені олжалаған әлемнің жетінші ракеткасы америкалық София Кенинді қапы қалдырып, сенсация жасаған еді.
Келесі кезеңде Рыбакина WTA тізімінде 58 орында тұрған Чехия ойыншысы Катерина Синяковамен шеберлік байқасты. Бұл бәсеке 6:3, 6:3 есебімен қазақстандық ойыншының пайдасына шешілді. Енді ширек финалда жерлесіміз Чехияның тағы бір өкілі, әлемнің екінші ракеткасы Каролина Плишковамен күш сынасады.