14 Тамыз, 2013

«Дала қыраны – 2013»

468 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұрнағы күні Алматы облысындағы «Іле» полигонында «Дала қыраны» халықаралық бітім­гершілік оқу-жаттығуы басталды. Оның ашылу салтанатына Қорғаныс ми­нистрінің бірінші орынбасары – Қазақ­стан Республикасы Қарулы Күштері Бас шта­бының бастығы, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов, қатысушы елдер қол­ба­с­шылығының өкілдері және бір топ шетелдік бақылаушылар қатысты.

IMG 9616

IMG 9579

IMG 9630

IMG 9616

«Дала қыраны» тактикалық-арнайы бі­тім­­гершілік оқу-жаттығуы Қазақстан Рес­пуб­­ликасы мен НАТО арасындағы әріптес­тік қимылдарының дербес жоспарын жүзеге асыру, сондай-ақ «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы шеңберінде өткі­зіліп келеді.

Алғашқы «Дала қыраны» оқу-жаттығуы осыдан он жыл бұрын, яғни 2003 жылы, дәл осы жерде өткізілген еді. Міне, содан бері оған қатысушылардың саны жыл санап артып келеді. Биыл оныншы рет өткі­зі­ліп отырған оқу-жаттығуға Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Литва, Швейцария, Ита­лия, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттері Қа­­ру­­лы күштерінің өкілдері қатысады. Жат­ты­ғулардың барысын Испания, Гер­мания және Беларусь Республикасының бақы­лау­шылары бақылайтын болады.

Бұл жолғы жаттығуға Қазақстан жа­ғы­нан «Қазбат» бітімгершілік батальоны то­лық құрамда, «Қазбриг» бітімгершілік брига­да­сының штабы және Қазақстан Қарулы Күш­тері Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы басқар­масының әскери қызметшілері тартылған. Сонымен қатар, Құрлық әскерлері және Әуе қорғанысы күштерінің бөлімшелері де болады.

«Қазбриг» бітімгершілік бригадасының оқу орталығында басталған осы жиынның негізгі мақсаты – командирлер мен штаб­тар­дың бітімгершілік операцияларын жүргі­зу барысында бөлімшелер арасындағы өза­ра іс-қимыл мен шешім қабылдауды ұйым­дастырудағы тәжірибелік дағдыларын жетіл­діруге бағытталған. Сонымен қатар, бөлім­шелер қарсылас тараптар арасындағы қақтығыс жағдайында бейбітшілікті қолдау бойынша жауынгерлік үйлесімділігін де арттыратын болады.

«Егемен-ақпарат».