31 жастағы қандасымыздың жүріп өткен жеңісті жолы жанкүйерлердің көз алдында. Түрлі промоушендердің туы астында ол 16 жекпе-жек өткізіп, 13 рет жеңіске жетті. Әсіресе, Жалғас Fight Nights Global ұйымының мұрындық болуымен өткен жарыстарда өзін жақсы қырынан көрсетіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Дүбірлі додаларда Тагир Ұланбеков, ағайынды Артур мен Әли Багаутдинов сынды Қап тауы қырандарын жақсылап тұрып сабағанын жанкүйерлер ұмыта қойған жоқ.
Бүгін Жалғас Жұмағұловтың менеджері Саят Әбдірахманов өзінің инстаграмында осы қуанышты жаңалықпен бөлісті. Осылайша, Қазақстанның екінші спортшысы UFC-де күш сынасатын болды. Бұған дейін айтулы ұйым Шавқат Рахмоновпен келсімшартқа отырған.