Әйелдер күресі бойынша бүгін бес салмақ дәрежесінің жүлделері сарапқа салынады. Бұл бәсекелерде Қазақстанның намысын Валентина Исламова (50 кило), Марина Зуева (55 кило), Мадина Бақбергенова (59 кило), Әлбина Қайыргелдинова (68 кило) және Елмира Сыздықова (76 кило) сынды балуандар қорғайды.
Ал қалған бес салмақ дәрежесіндегі сайыстар ертең өтеді. Одан кейін еркін күрес шеберлері өз жарысын бастайды.