Күрес • 20 Ақпан, 2020

Қажымұқанның ізбасарлары Қызылордада белдесті

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Еуразия» спорт кешенінде қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алуға арналған республикалық турнир өтіп жатыр. Дәстүрге айналған спорт додасына биыл 2000 - 2002 жылдары туған жастар қатысуда.

Қажымұқанның ізбасарлары Қызылордада белдесті

Жарыстың ашылу рәсімінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жастарға ұлттың ұлы перзентіне айналған даңқты палуанның жолын берсін деген тілегін білдірді.

Сонымен қатар, турнирге арнайы келген  қазақ күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Жақып пен Қазақстан Республикасының спорт қайраткері, спорт ардагері Тоқташ Алдоңғаров турнирді дәстүрлі шараға айналдырған қала әкімдігіне алғыс айтты.

Жарыс барысында 9 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер осы жарысқа арнайы жасалған медальдармен және қаржылай сыйақылармен марапатталып, спорт шеберлігіне үміткер атағын иеленеді.