Ұйымдастырушылар қазіргі күні шай әлемдегі судан кейін ең танымал және көп қолданылатын сусын түрі ретінде түрік асханасының және мәдениетінің ажырамайтын бөлшегіне айналғанын айтады. Түркия әлем бойынша шай өндіріуде төртінші, ал тұтынуда алғашқы (кісі басына 3,5 кг) орынды иеленеді. Сондай-ақ қазіргі күні Түркияда шамамен 1 миллион адам шай өндірісі нарығында еңбек етеді екен.
Түрік шайы – тропикалық аймақтарда өспейтін әлемдегі жалғыз шай түрі. Түркияда шай негізінен Ризе мен Трабзон облыстарында өседі. Әлемде континенттік ауа райында шай өсіру дәстүрі тек қана Түркияда кездеседі. Арнайы кернеуі жіңішке шыны ыдыспен ішілетін түрік шайы екі қабаттан тұратын шәйнекте демделеді.
Түрік шайының гастрономияда алатын ерекше орнына байланысты түрік тілінде өте көп тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер пайда болған. Қазақ тіліндегі әбден демделген қызыл күрең шайға түрікшеде «қоян қаны түстес шай» дейді.
Түрік шәй ішу дәстүрінің ерекшеліктері мен мәдениетін көрсететін шара 28 ақпан күні сағ. 12:00-де өтеді.