«Бокер» еврей этномәдени орталығының Жастар қанаты құрылған күннен бастап, көптеген игі шараларды ұйымдастырып келеді. Жақында олар «Көктем» жазғы алаңында қалалық Достық үйімен бірлесе, Қазақ футболының 100 жылдығы және Астана қаласының 15 жылдығына орай «Біз өз еліміздің патриоттарымыз!» атты концерттік бағдарламасын ұйымдастырды. Аталған шараға 150-ден астам адам қатысты.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жастардың бос уақытын мәнді өткізу болып табылады. Сондай-ақ, саламатты өмір салтын қалыптастыру, сонымен қатар қала тұрғындарына Достық үйінің этномәдени бірлестігін жақын таныстыру да аса маңызды, дейді қалалық әкімдіктің мамандары. Шағын ауданның тұрғындары мен қонақтарына қызықты концерттік бағдарлама ұсынылды.
– Бізге Антон Ваизгеим мен Ксения Вейдің орындаған әндері ерекше әсер етті, – деді концерттік бағдарламаны тамашалауға келген Дүрия Ахмерова. Талантты жастар біздің еліміздің болашағы.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.
СЕМЕЙ.