Былтырғы жылдың соңында федерация мүшелері аймақтардағы велоспортқа бейімделген мектептерді аралады. Шыны керек, көбінің жай-күйі жағдайы көңіл көншітерлік емес. Енді сол олқылықтың орнын түзеу үшін біраз жұмыс істеу керек. Өйткені, біздің ортақ мақсатымыз – Олимпия ойындары мен әлемдік және құрлықтық додаларда жүлде алу. Ал балалар мен жасөспірімдер спортын дамытпай орасан зор нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Сол себепті де қазіргі кезде бүкіл республика бойынша веломектептерді модернизациялау жұмыстары қызу жүргізілуде, – дейді Нұрлан Смағұлов.
Сонымен қатарь федерация президенті айтулы орталықта осы спортпен шұғылданып жүрген жас өрендерге 10 су жаңа велосипед сыйлады. Үстіміздегі жылдың соңына дейін республика бойынша 130 балалар және 50 кәсіби велосипедті сыйға тарту көзделіп отыр.