Аймақтар • 20 Ақпан, 2020

Алматының әкімі есептік кездесуінде ел шағымданған нысандарға барды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев есептік кездесу кезінде қала тұрғындары шағымданған Әлеуметтік қызмет орталығы мен Балалардың инфекциялық ауруханасында болды. Бұл туралы қала әкімі Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында жазды. 

Алматының әкімі есептік кездесуінде ел шағымданған нысандарға барды

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 350 орындық №3 Орталықта қарт адамдар, оның ішінде қамқорлықты қажет ететін мүгедектер тұрады. Әкімнің есептік кездесуінде персоналдың жұмысы мен медициналық қызметтің сапасын тексеру бойынша шағым айтылған еді.

Қала әкімі Б.Сағынтаевтың тапсырмасымен құрылған комиссия әділ баға беру үшін шағымда айтылған барлық жағдайларды жіті тексеретін болады. Бұл жұмысты жүргізу қала әкімінің орынбасары С.Тұяқбаевқа тапсырылды.

Айтылған басқа да шағым бойынша Б.Сағынтаев балалардың қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасында болды, мұнда ол көрсетілетін медициналық қызмет түрлерін, құрал-жабдықтарын көріп, медицина қызметкерлерінің біліктілігімен танысты.

Балалардың инфекциялық ауруханасына қала мен Алматы облысының елді мекендерінен күн сайын 300 бала жеткізіледі, олардың 80-ге жуығын стационарда ем алу үшін қалдырады.

«Осыдан 40 жыл бұрын 360 орынға есептеліп салынған қаладағы жалғыз мамандандырылған аурухананың жүктемесі арта түсуде. Сондықтан оның жанынан 70 орынды қосалқы нысан немесе заманауи 500 орынды балалардың инфекциялық ауруханасын салу мәселесін қарастырып отырмыз», - деп жазады Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, ол аға ұрпақ өкілдері мен балалардың қамқорлық пен жіті назарды талап ететінін атап өтті.

 

АЛМАТЫ