Жүлде қоры 2 908 770 АҚШ долларын құраған жарыстың алғашқы айналымында қазақстандық теннисші Аустралияның ашық біріншілігінің жеңмпазы, әлемнің жетінші ракеткасы америкалық София ұтты.
Екінші кезеңде WTA тізімінде 58 орында тұрған чехиялық Катерина Синякова Еленаның екпініне шыдамады.
Бүгін ширек финалда жерлесіміздің жолы Чехияның тағы бір өкілі, әлемнің үшінші ракеткасы Каролина Плишковамен күш сынасады. Талай дүбірлі додаларға дараланған 27 жастағы сақа спортшы Рыбакинаның мықтылығын мойындады. 1 сағат 42 минутқа созылған бұл сайыс 7:6, 6:3 есебімен біздің қыздың пайдасына шешілді.