Қоғам • 21 Ақпан, 2020

Әл-Фараби университетінің студенттері мен болашақ дәрігерлер кездесті

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Туберкулез және жыныстық жолмен жұғатын вирустық инфекциялардың кейінгі кезде белең алуы қоғамды алаңдатып отырғаны аян. Бұл кеселдердің жас адамның ағзасына келтірер зардабы орасан зор екені және мәлім.

Әл-Фараби университетінің студенттері мен болашақ дәрігерлер кездесті

Осы мәселеге орай, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде «Туберкулез және жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті.

Кездесуге С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің доценттері Күміс Өмешова, Алмаш Жұмабекова мен осы университеттің және Қазақстан-Ресей медициналық университетінің студенттері шақырылды.

С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің студенттері өкпе құртына байланысты сұрақ-жауап сайысын өткізіп, дұрыс айтқандарға сыйлықтар берілді. Сонымен қатар Қазақстан-Ресей медициналық университетінің студенттері де өздері дайындаған қызықты материалдарымен таныстырды.

Медицина ғылымының кандидаттары Күміс Өмешова, Алмаш Жұмабекова бұл аурулардың ішіндегі ең қауіптілері: СПИД, мерез, соз екендігін және оның жұғу жолдарын түсіндірді. Мұндай жұқпалы дерттереге әркімдушар бола бермейді. Адамдар өз денсаулығына жіті қарап, моральдық қағидаттары ұстанып жүрсе мұндай кеселдерге шылдықпайтындығын және одан сақтану ережелерін айтып, студенттерді қызықтыра түсті.  

Кездесу соңында әл-Фараби атындағы университетінің химия және химиялық технология факультетінің, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің және Қазақстан-Ресей медициналық университетінің 4 курс студенттері бір-біріне дайындаған сыйлықтарын табыстады.