Абай • 21 Ақпан, 2020

Литвада Абай және әл-Фараби туралы кітаптар таныстырылды

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспа үйі Қазақстан Республикасының Литвадағы Елшілігімен және Литваның «Жара» баспа үйімен бірлесіп, әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 21-ші Халықаралық Вильнюс кітап көрмесіне қатысуда.

Литвада Абай және әл-Фараби туралы кітаптар таныстырылды

Литвалық оқырмандардың назарына Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің және қазақ ағартушысы Абай Құнанбайұлы туралы жазылған елуден астам кітап ұсынылды.

Көрме барысында Қазақстан және Литва арасында серіктестерімен келіссөздер жүргізіліп, Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың 7 қыры»  атты бағдарламалық мақалаларын іске асыру аясында ғылыми және көркем әдебиет саласындағы бірлескен жобалар жүргізу туралы келісімшарттарға қол қойылды.

Халықаралық Вильнюс кітап көрмесі Балтық елдерінде ең ірі және маңызды кітап көрмесі болып саналады. 4 күндік көрмеде 500-ден астам мәдени іс-шаралар өткізіледі деп жоспарланып, Литва және мемлекет аумағынан 6000 астам көрермен келеді деп күтілуде.                          

 

АЛМАТЫ