Қоғам • 21 Ақпан, 2020

Алматыда жаңа автобус бағыты ашылды

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Жетісу ауданына қарасты «Кемел» және «Көкжиек» ықшамауданының тұрғындары қоғамдық көлік мәселесін осы уақытқа дейін бірнеше мәрте көтерген болатын. Тұрғындар бірер күн бұрын өткен қала әкімімен кездесуде жаңа автобус бағытын ашуды сұраған еді.  

Алматыда жаңа автобус бағыты ашылды

Көптің сұрауы бойынша жаңа бағыт іске қосылды. №208 бағыттағы су жаңа автобустар енді Қоянқұс ауылынан бастап, №47 мектеп арқылы Жолымбет, Есім хан, Постышев пен Бекмаханов көшелерінен «Көкжиек» ықшамауданына, Солтүстік айналма жолмен Рысқұлов пен Бөкейханов көшелеріне және  Райымбек даңғылындағы екінші темір жол вокзалына дейін барады. Сыйымдылығы 56 жолаушыны құрайтын жаңа автобустар заманауи технологиялармен жабдықталған. Арбамен жүретін жолаушыларға арнайы пандус та қарастырылған.    

Сондай-ақ кез келген жолаушы мұнда уай-файға тегін қосылып, ғаламторға еш кедергісіз кіре алады. Одан өзге, егер ұялы теелфоныңыздың қуаты таусылып қалса, бір мезетте 12 жолаушы телефондарын қуаттай алады. Жаздың аптап ыстығында мұнда желдеткіш те қарастырылған.