Қоғам • 21 Ақпан, 2020

Алматыда демалыс күндері жаңа жәрмеңкелер болады

33 рет көрсетілді

Алматыда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын реттеу мақсатында қала әкімдігі және «Алматы» ӘКК бірқатар нақты шараны жүзеге асырып жатыр. Солардың бірі - «демалыс күнінің жәрмеңкесін» өткізу.

Осыған орай шаһарда демалыс күндері жаңа жәрмеңкелер ашылады. Олар қаланың 8 ауданында сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

2019 жылы Алматыда «демалыс күнінің» 4 жәрмеңкесі жұмыс істеген болса, биылдан бастап тағы жаңа 6 сауда нүктесі ашылған болатын.

Жәрмеңкелерден фермерлік шаруашылықтардың жергілікті өнімдерін алуға болады. Жәрмеңке бағасын әлеуметтік баға бойынша тауарлармен қамтамасыз ететін ірі қара мал өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының, қосалқы шаруашылықтардың өкілдері және Тұрақтандыру қоры атынан мемлекет қояды.

Жәрмеңкелерде әлеуметтік баға бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 19 түрі ұсынылады, олар:

Сиыр етінің жауырын-кеуде бөлігі - 1900 теңге.

Тауық еті - 810 теңге

Картоп - 104 теңге

Сәбіз - 94 теңге

Қырыққабат - 94 теңге

Жұмыртқа, 1 категория - 300 теңге

Өсімдік майы - 400 теңге

«Алматы» ӘКК сауда орындарын жеңілдікпен жалға беріп, ауылшаруашылық өнімдерін жеткізушілермен тікелей жұмыс жасайды. Жалға берудің сараланған бағасы бір орынға 16 700 теңге.

Қала әкімдігі мен «Алматы» ӘКК өкілдері демалыс күндердегі жәрмеңкелерді тұрақты аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын жіті бақылауда ұстап бағаның өсуіне жол бермейтіндіктерін мәлімдеді.

Жәрмеңкелердің мекенжайлары:

Гоголь -Масанчи (Алмалы ауданы)

Абай - Өтеген батыр (Әуезов ауданы)

Қазақфильм ықшам ауданы, Жароков көшесі, әл-Фараби даңғылынан жоғары (Бостандық ауданы)

Құлагер ықшам ауданы, Серіков көшесі (Жетісу ауданы)

 Жаңа жәрмеңкелер:

Нұркент-5 ықшам ауданы, «Атлеттер ауылы», орталық аллеяда (Алатау ауданы)

Қалқаман ықшам ауданы, Әуезов көшесі, №1 қалалық клиникалық аурухананың кіреберісіне қарсы (Наурызбай ауданы)

Сайын - Шаляпин (Әуезов ауданы)

Жұлдыз ықшам ауданы (Түрксіб ауданы)

Меңдіқұлов - Бектұров (Медеу ауданы)

Саялы, 28-үйдің жаны (Алатау ауданы)

Соңғы жаңалықтар

Елбасы арманы – елорда

Президент • Кеше

Пневмония 68 адамда тіркелді

Коронавирус • Кеше

Елбасы, Луиза және балмұздақ

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Арқадағы алтын бесік

Елбасы • Кеше

Кемеңгер келбеті

Руханият • Кеше

Тарих тудырған тұлға

Елбасы • Кеше

Нұр-аға

Руханият • Кеше

Чемпионат мәресіне жетті

Ауыр атлетика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар