Руханият • 22 Ақпан, 2020

«Жас кәсіпкер» бағдарламасымен 200 жас өз кәсібін ашты

356 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 2019 жылы 700 адам оқыды. Қазіргі таңда 200 жас өз кәсібін ашып үлгерді. Атап айтсақ, Түпқараған ауданы мен Ақтауқаласында 103 адам оқып, соның ішінде 49 жоба жүзеге асты. Бұл Қазақстан Республикасының «Атамекен» ҰКП-ның тікелей мұрындық болуымен сәтті жүзеге асқан жоба, деп хабарлайды аталған палатаның Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі.  

«Жас кәсіпкер» бағдарламасымен 200 жас өз кәсібін ашты

Жас кәсіпкер Асылгүл Мадыева өзінің үй жағдайында жасалынған жартылай дайын тағамдар кәсібін қолға алды. Асылгүлдің айтуынша, айына шамамен 100-150 кг өнім шығарылады. Әзірге өнімді туыстары, достары, көршілері пайдаланып отыр. Шағын азық-түлік дүкенімен келісім шартқа отырып, өніммен қамтамасыз етіп келеді.

Ал Ақтау қаласының жас кәсіпкері Бағдат Әмірханов терезеге арналған қауіпсіздік торыншығаратын кәсіппен айналысуда.  

-Алматы қаласынан оқып келіп, осындай тор жасауды қолға алдым. Ақтау қаласында алғашқы кәсіпорын десе де болады. Кәсіпті ашуға 2 млнтеңге шамасында қаражат жұмсалды. Қауіпсіздік жағынан айтатын болсақ, балалардың терезеден құлап кетпеуіне, ұрлықтың алдын-алуға жаңа технологиямен жасалған құрал. Тор монолиттіполикарбонат материалынан жасалынады. Бұл торларды есіктерге, балкондарға қоюға болады. Бір ерекшелігі, өрт қауіпсіздігіне төзімді қылып шығарылған. Материалдарды арнайы Алматы қаласынан алдырып, 3 адамды жұмыспен қамтып отырмыз, дейді кәсіпкер.

Дилара Сансызбаева қазан айынан бастап Ақтау қаласының 31б шағын ауданынан  шетел тілін оқытатын орталығын ашты. Орталықта 4 жастан ересек балаларға дейін білім алады.  

-Қазіргі таңда 10 балаға білім берілуде. Оқыту барысында балалар оқу, жазу, еркін сөйлеуді,топпен оқытушымен әңгімелесу, мәтіндер жазуды үйренеді. Сабақтар аптасына 3 рет 60 минуттан өткізіледі. Әр топта жас ерекшеліктеріне байланысты 6-7 оқушы болады. Оқу барысы бірнеше түрде өткізіледі. Бұл орталықты ашуғаМаңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының көмегімен қайтарымсыз қаражат 505 мың теңгеге қол жеткізіп, бизнеске тиімді жұмсалған. Орталыққа қажетті құрал-жабдықтарды Алматы қаласынан тапсырыспен алдырдым,  деді Дилара Сансызбаева.

Өткен «Жастар жылы» көптеген іскер «Жас кәсіпкер» бағдарламасының шарапатын көріп, өз кәсібін ашуға мемлекет тарапынан мол мүмкіндік алды.