Әлемдік рейтингте 15 орында тұрған Петра Мартичқа қарсы бәсеке өте шиеленісті өтті. Қос ойыншы әбден тіресті. Бәсеке екі ретінде де тай-брейкке дейін ұласты.
Десек те шешуші тұста жанкештілік танытқан Рыбакина жеңісті қарсыласының уысынан жұлып әкетті. Есеп – 7:6, 7:6. Осылайша, Елена Рыбакина финалға шықты.