Руханият • 22 Ақпан, 2020

Маңғыстауда «ANTIKOR ORTALYGY» ашылды

707 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтауда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаментінің сервистік «ANTIKOR ORTALYGY» ғимараты ашылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  Маңғыстау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауда «ANTIKOR ORTALYGY» ашылды

Сервистік орталығының таныстырылымына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының бірінші орынбасары О.А.Бектенов пен Маңғыстау облысының әкімі С.Ө.Трұмов, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Н.Жылқыбаев, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам белсенділері, мәслихат депаутаттары, арнайы мониторингтік топ және қоғамдық кеңес мүшелері, «Маңғыстау – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері, облыстық ақпараттық-насихат Штабының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. 
1

Ашылу салтанатында Облыс басшысы Серікбай Трұмов, «Маңғыстау- адалдық алаңы» жобалық  кеңсесінің жетекшісі Дайрабай Үсіпбаев, Облыстық мониторинг тобының жетекшісі Римма Утесбаева, ақпараттық –ағартушылық штабының мүшесі Марат Себасов, облыстық маслихат депутаты Оспан Казахбаев сөз алып «ANTIKOR ORTALYGY» орталығы халық үшін өз жұмысының нәтижесін беруін тіледі.

Сонымен қатар, Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Олжас Абайұлы

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында: «Азаматтардың барлық өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын,«халық үніне құлақ асатын мемлекет»құруды іске асыру – баршамызға ортақ міндет» деп атап көрсеткен болатын.

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана тиімді де үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Республикамыздың барлық аймақтарынан «ANTIKOR ORTALYGY» ашылуда» деп атап өтті.

Іс-шара барысында Агенттік Төрағасының бұйрығымен облысымыздың бірқатар қоғам белсенділері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жолында қосқан елеулі үлестері мен көмегі үшін грамоталармен марапатталды.