Мультимедиа • 22 Ақпан, 2020

Алматыда коронавирусқа байланысты бақылау күшейтілді

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының Бас санитарлық дәрігері: «Коронавирустың алдын алудың басты шарты – адам көп жиналатын жерлерден аулақ болу» дейді.

Алматыда коронавирусқа байланысты бақылау күшейтілді

Алматыда коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында қауіпті аймақтардан келген барлық адамдарға күшейтілген бақылау жүргізіліп отыр.

Бүгінде коронавирусты инфекция Қытайдан басқа 26 елде тіркелген. Биылғы ақпан айынан бастап Алматы қаласының әуежайына келетін барлық халықаралық рейстерге күшейтілген санитарлық-карантиндік бақылау жүргізілуде.

Қазіргі уақытта коронавирус тіркелген елдерге тур ұйымдастыратын туроператорлардың қызметі тоқтатылды.

Коронавирусты жұқтыру жағдайлары анықталған елдердің тізбесі: Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд, Малайзия, Вьетнам, Германия, Австралия, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, БАӘ, Канада, Үндістан, Филиппин, Италия, Испания, Иран, Ресей, Финляндия, Непал, Камбоджа, Шри-Ланка, Швеция, Бельгия, Египет.

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова атап өткендей, алдын алу шараларына баса назар аудару қажет. Тұмау мен ЖРВИ-мен сырқаттанудың өршіп тұрған кезеңін, сондай-ақ бірқатар шет елдерде коронавирус ауруларының артуын ескере отырып, тұрғындарға вирустық аурулардың алдын алу шараларын сақтау және адам көп жиналатын жерден аулақ болу ұсынылады.

Алматыда коронавирус жағдайы тіркелген жоқ. Алматы қаласы әкімінің орынбасары ЕржанБабақұмаровтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі Өңірлік штаб әуежай аумағындағы өткізу пункттерінде, темір жол стансаларында, автокөлік өткелдерінде лауазымды тұлғалардың өзара іс-қимыл алгоритімінің сақталуына бақылау қойылған.Шаһарда медициналық құралдар, оның ішінде бетперделер қоры жеткілікті.

Сұрақтар туындаған жағдайда 1406 нөмірі бойынша хабарласуға болады.