Аймақтар • 22 Ақпан, 2020

Қылмыстық іс қозғалды

505 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің тергеу басқармасы «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-ніңқылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендерді іздестіруде. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыстық іс қозғалды

Қазір департаменттің тергеу басқармасыҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабының 2-бөлігімен қаржылықпирамида құру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Аз уақыттың ішінде 70-тен аса тұрғын полицияға шағымданды, келтірілген материалдық шығын көлемі есептеліп жатыр. Жедел-тергеу тобы құрылып, әрбір арыз бойынша жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Полицейлер «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің қылмыстық әрекеттерінен шығынға ұшыраған тұрғындарды жәбірленуші және азаматтық талапкер ретінде тану үшін департаментке келуді немесе 29-50-46, 29-50-25, 29-75-20 телефон нөмірлеріне хабарласуларын сұрайды.