Руханият • 22 Ақпан, 2020

Майдангерлер ерлігін жас зияткерлер зерттейді

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагері Любовь Колесникпен кездесіп, зерттеу жұмысына қажетті ақпарат жинақтады.  

Майдангерлер ерлігін жас зияткерлер зерттейді

Любовь Колесник небәрі 19 жасында майданға аттанған екен. Алғаш Беларусь майданына жақын жерде орналасқан әскери госпитальде медбике ретінде қызмет еткен майдангер жеңісті Берлинде қарсы алған. 1945 жылдың тамыз айында Қызылордаға оралып, зейнет жасқа дейін медицина саласында еңбек атқарды.

Кездесу барысында оқушылар соғыс туралы, елін қорғаған қаһармандар ерлігі жайлы көптеген құнды ақпарат алды. Алдағы уақытта жас зияткерлер майдан даласында болғандар туралы Уикипедияға мазмұнды мақалалар жазып, олардың ерліктерін дәріптеу арқылы өскелең ұрпақтың танымын кеңейтуді мақсат етеді.  

Әлемде ешқашан соғыс болмасың. Елімізге бейбітшілік пен тыныштық тілеймін, деген Любовь Сергеевна майдангерлер ерлігіне құрмет танытқан оқушыларға алғысын жеткізді.