Спорт • 24 Ақпан, 2020

Велотректен әлем чемпионаты басталады

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 ақпанда Германияның Берлин қаласында велотректен әлем чемпионаты басталады. 

Велотректен әлем чемпионаты басталады

1 наурызға дейін созылатын айтулы додада Қазақстанның туы астында Рината Сұлтанова, Әлішер Жұмақан, Артем Захаров, Андрей Чугай, Роман Василенков, Сергей Пономарев және Максим Налетов сынды спортшылар өнер көрсетеді. Осы жарыстың нәтижесі бойынша Токио Олимпиадасының жолдамасына иелік еткен велошабандоздар белгілі болады. 

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылғы әлем чемпионаты Польшаның Прушов қаласында өтті. Айтулы жарыстың командалық есебінде Нидерланды құрамасы топ жарды. Қызғалдақтар елінің өкілдері 6 алтын, 4 күміс және 1 қола медальді олжалады. Басты қарсыластарынан бір ғана күмісі кем Аустралия спортшылары екінші орынды иеленді. Үшінші орынға Гонконг командасы табан тіреді. Олар қос алтынды қоржынға салды. Сол жарыста барлығы 17 мемлекеттің өрендеріне жүлде алу бақыты бұйырған еді.