Аймақтар • 24 Ақпан, 2020

Қиын сәтте құшақ жайған қамқор ел

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада шешендер мен ингуштардың Қазақстанға жер аударылуының 76 жылдығына арналған шара өтті. «Вайнах» облыстық этномәдени бірлестігі ұйымдастырған кешке өзге де бірлестіктер өкілдері қатысты.

Қиын сәтте құшақ жайған қамқор ел

Шара барысында депортацияның қиын кезеңдерін бейнелеген деректі фильм көрсетілді. Қап тауы баурайындағы шешендер мен ингуштардың Қазақстан мен Қырғызстанға жер аударылуы 1944 жылдың 23 ақпанынан басталып, 9 наурызға дейін созылған. Депортация кезінде 650 мыңға жуық шешен мен ингуш ата жұртынан еріксіз ажырапты.  

«Вайнах» өкілдері қиын сәтте қазақтардың өздеріне құшақ жайған қамқорлығын мәңгі ұмытпайтындығын айтады. Осындай бауырмалдықтың арқасында қазақ жері сан ұлт бақыт тапқан байтаққа айналды.

1

Шешен этномәдени бірлестігінің ақсақалдары өткен күннен естелік айтып, шара соңында депортация құрбандарына Құран бағышталды.