Саясат • 25 Ақпан, 2020

Әр істің өз тәртібі мен межесі болғаны дұрыс

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік тәжірибе қантөгіс пен революция ешбір мемле­кет­ке береке әкелмейтінін әлде­қашан дәлелдеді. Барлық жағ­дайды бейбіт жолмен, мәмі­лемен шешу ең дұрыс жол. Дегенмен митингілер мен бейбіт шерулер өткізу ісі әлем елде­рінде заңмен бекітілгені қа­лыпты жағдай. Бұған қатысты за­ңымыздың жүйеленіп, бір ізге түскені дұрыс болады деп есептеймін.

 

Әр істің өз тәртібі мен межесі болғаны дұрыс

Жаңалығы көп жаңа тұжы­рым азаматтармен билік ара­сын­дағы бай­ланысты нығайтып, ешкімнің құқы­­ғын шектемейтін тәртіп орнатады деген сенім зор. Тағы бір ескерер жағ­­дай, митингілерді тек Үкіметке қар­сы бағыт­тал­ған шара деп қабылдау қате ұғым.

Заң жобасының маңызды тармағы­ның бірі – бейбіт жина­лыстар мен бас­қа да бұқара­лық іс-шаралардың айыр­машы­лығын ашып көрсету. Азаматтар кез келген жағдайда бейбіт жолмен өз пікірлерін білдіруге құқылы. Бұған дейін үлкен-кіші пикеттерге дейін барлығы бір бағытта сипатталып келді. Ал адам саны, бейбіт шерулердің нақты тәртібі белгіленгеннен кейін жағдай басқаша болмақ. Ең бастысы келісім мен мәдениет бірінші орында тұруға тиіс. Мемлекеттің тұрақтылығы бәрінен де маңызды.

 

Асхат АСЫЛБЕКОВ,

қоғам белсендісі, сарапшы