Спорт • 25 Ақпан, 2020

Теннис: Юлия Путинцева Дохадағы доданы жеңіспен бастады

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері бірқатар мемлекеттерде теннистен халықаралық турнирлер өтуде. Бұл бәсекелерде Қазақстанның да өкілдері шеберлік байқасуда.

Теннис: Юлия Путинцева Дохадағы доданы жеңіспен бастады

Катардың бас шаһары – Дохада WTA Premier сериясындағы турнирдің тұсауы кесілді. Әлемдік рейтингте 32 орында тұрған Юлия Путинцева алғашқы айналымда үздіктер тізімінде 98 сатыға жайғасқан мажарстандық Темея Бабошпен кездесті. 1 сағат 26 минутқа созылған бұл бәсеке 6:3, 6:4 есебімен жерлесіміздің пайдасына шешілді. 

Екінші кезеңде Путинцева әлемнің 23-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен күш сынасады. Ол тұсаукесер кездесуінде қытайлық Ван Цянға сан соқтырды.