«Экология министрлігі болжамды мәліметтерді ескере отырып, су қоймаларын толтырудың қауіпсіз көлемін анықтап, олардың толтырылуына тұрақты бақылау жасауды қамтамасыз етсін. Қажет болған жағдайда су қоймаларын алдын ала босату шараларын қабылдау керек», — деді А. Мамин.
Премьер-Министр ІІМ-ге мүдделі мемлекеттік органдармен және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, тиісті штабтар құруды, күштер мен құралдардың, оның ішінде халықты хабардар ету жүйелерінің орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға толық дайындығын қамтамасыз етуді жүктеді.